ОСК сайлауға қатысатын ЖСДП кандидаттарын тіркеді

2 ақпанда ЖСДП мәжіліс сайлауына қатысатын 19 кандидатының атын атаған


13/02/2023
13:32 21053 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысатын ЖСДП тізімін тіркеді. Бұл жөнінде «Азаттық» радиосы хабарлады. 

 

13 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) алдағы мәжіліс сайлауына ұсынған 19 кандидаттарының тізімін тіркеді. Олардың барлығы заң талабына сай деп танылған. 

ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова ЖСДП тізімдегі әр адам үшін 1 миллион 50 мың теңгеден сайау жарнасын төлегенін мәлімдеді.

2 ақпанда ЖСДП мәжіліс сайлауына қатысатын 19 кандидатының атын атаған. Бұл партиядан тағы алты адам бірмандатты сайлау округтері арқылы ұсынылады.

ОСК 11 ақпанда Қазақстан халық партиясының 52 адамнан тұратын партиялық тізімін тіркеген.

Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы 19 наурызға белгіленген. Сайлауға қатысатын кандидаттарды ұсыну 8 ақпанда аяқталған, тіркеу 18 ақпанға дейін жалғасады. Мәжіліс депутаттарын сайлауға ресми тіркелген жеті партия қатысады. Партиялық тізім бойынша барлығы 283 кандидат бар. Оның үштен біріне жуығы «Аманат» партиясынан.

Бірмандатты сайлау округтері бойынша барлығы 609 кандидат тіркелген. Оның 79-ын партиялар ұсынған. Бұлардың 29-ы «Аманаттан». Тағы бес кандидат төрт қоғамдық ұйымнан, 525 адам өзін-өзі ұсынған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

13/02/2023 13:32
21053 0

Уведомление